Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Сергей Кузнецов
Ақпарат көзі:
Устинка

31 қаңтарға арналған әлемдік жаңалықтардың таңғы қатары

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына іліккен саяси, экономика және басқа да маңызды жаңалықтар қатарын дайындады

Обама Трамптың жарлығына қарсы шыққандарды қолдады

АҚШ экс-президенті Барак Обама Құрама Штаттар төңірегіндегі қарсылықтарды қолдап, адамдардың діні мен сеніміне қудалауға қарсы сөз сөйледі.

Бұл туралы Обаманың өкілі болып танылатын Кевин Льюис өз твиттерінде жариялады. Бұл АҚШ президенті орнынан кеткеннен кейінгі Обаманың бірінші мәлімдемесі.

- Таңдаулы және қызметтік тұлғаларға өз дауысын естіртіп, ұйымдасып және жиналу конституциялық құқығын жүзеге асырушы азаматтар, - міне бұл біздің көргіміз келетін дүние, американдық құндылықтарға қауіп төнуде, - дейді мәтінде.

Өкілдің айтуынша Обама «елдің жан-жағындағы қоғамдастықтарда болып жатқан қатысушылармен шабыттанып отыр».

Мәлімдемеде Обама әкімшілігінің қазіргі әрекеттері есепке алына отырып, экс-президент «тұлғалардың діні мен сеніміне байланысты қудалау түсінігімен нақты келіспейтіні» көрсетілген.

Асад: Батысқа бағынудан бас тартқаны үшін Сирияны аласапыран етпек

Сирия мен Венесуэла «өздерінің ұлттық суверенитеті мен қабылдаған тәуелсіз шешімдері үшін» сырттан араласқандардың обьектісіне айналды. Бұл туралы Сирия президенті Башар Асад телефонмен болған Венесуэла президенті Николас Мадуромен әңгімесінде айтты.

- Дүйсенбі күні Сирия мен Венесуэла президенттері телефонмен әңгімелесе отырып, елдеріндегі соңғы жаңалықтарды талқылады

- Сирия мен Венесуэла Батыс диктаты мен оларды қолдаушыларға бағынбағаны үшін өз құнын төледі, аласапыранға салып, іріткі арқылы әлсірете отырып, сыртқы ықпалға түсіруде.

Мұнымен қоса келіссөз барысында Николас Мадуро Башар Асад пен сирия халқын лаңкестік ұйымдарға қарсы соғыстағы маңызды жетістіктерімен құттықтады.Венесуэла президенті бұл жетістіктерді сирия халқының бір фронтқа тұрып, соғыста ел жетекшісімен бірге көрсеткен табандылығы деп атап өтті.

Мексика АҚШ шекарасындағы қабырға үшін БҰҰ-на шағымданады

Мексиканың сыртқы істер министрі Луис Видегарай АҚШ президенті Дональд Трамптың шекарада қабырға тұрғызу туралы жоспарына байланысты БҰҰ-на хабарландыру айтуды жоққа шығармайды.

- Барлығы іске асатын сәтте әсерлі боларлық шаралар қолдану керек, - деді Видегарай Televisa арнасының эфирінде.

Ол, әңгіме қазір америка жағынан болатын мәлімделер жайында екенін айтып, бұл сұрақ бойынша шағым айтарлықтай әрекеттер жүзеге асып жатпағанын нақтылап өтті.

- Ешқандай мүмкіндіктерді жоққа шығармаймыз, - деді СІМ басшысы.

Естеріңізге саламыз, Дональд Трамп Мексика шекарасына жедел түрде қабырға салынады деп жариялаған болатын. Оның жарлығы бойынша, 180 күн ішінде дайындық шараларының барлығы дайын болуы керек. Өз кезегінде Мексика президенті қабырға құрылысына ешкім қаражат төлемейтін болады деп мәлімдеген.

Литва Калининград облысына деген наразылығынан бас тартты

- Литваның ешбір көршілеріне деген территориалды наразылығы жоқ және Ресей Федерациясының Калининград облысы туралы сұрақ көтермейді де. Бұл облыс Ресей Федерациясының интегралды бөлігі болып табылады, - дейді литвалық СІМ өкілі BNS агенттігі.

Раса Якилайтене сонымен қатар Литва мен Ресейдің 1997 жылы мемлекеттік шекаралар туралы екіжақты келісімге қол қойып, оның екі елмен бекітілгенін еске салды. «Қазіргі уақытта Литва мен Ресей мемлекеттік шекараларын белгілеу жұмыстары сәтті аяқталуға таяп қалды», - деді ол.

Жуықта литвалық парламентарий мүшесі Линас Бальсис Вильнюсте өткен «2017 жылғы Әлем» конференциясында ЕО-қа Калининградты «қайтару» сұрағын көтеру керек, өйткені соғыстан кейінгі шекаралар «құқықтық күшінен айрылған» деп мәлімдеген болатын.

Квебек мешітінде теракт ұйымдастырған адамға айып тағылды

Квебек мешітінде атыс ұйымдастырған Александр Биссоннеттаға алты өлім мен бес адамды өтіруге талпынған деген айып тағылды, деп хабарлайды СВС телеарнасы.

Жуықта бұл іске екінші күдіктіні полиция кәугер деңгейіне өткізген. Мохамед Хадир жауап алынған соң босатылған болатын.

БАҚ мешітке шабуылды теракт деп мойындалғанын жазған.

Естеріңізге саламыз, Квебек-Ситидегі кешкі намаз кезінде мешітке шабуыл жасалып, алты адам қаза тапқан болатын. Тағы он адам әртүрлі жарақаттар алған.

Следующая →