19 қаңтардағы әлемдік жаңалықтардың бет бейнесі
стинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ көз айнасына түскен саясат, экономика, және басқа да салалардағы ең елеулі оқиғалар тізімін дайындады
Ресей мен Түркия ИШИМ-ге қарсы бірінші бірлескен әуе операциясын жүргізді
Түркия ӘӘК мен ресейлік Әуе-ғарыштық күшінің бірлескен арнайы әскери операциясының нәтижесі туралы РФ қарулы күштерінің Бас штабының бас жедел басқармасы басшысы генерал-лейтенант Сергей Рудской айтып берді. Оның айтуынша Сириядағы бірінші ресей-түрік операциясының қорытындысы бойынша 36 ИШИМ (ҚР тыйым салынған ұйым) нысаны жойылған. Генерал Рудской операцияның сирия билігімен келісімде болғанын растады. Ол Алеппо провинциясының Эль-Баба қаласының төңірегінде болған. Ресей түрік әуе операциясына Ресей ӘҒК тоғыз соққы ұшағы мен, төрт Су-24м, төрт Су-25 және бомбалаушы Су-35, сонымен қатар Түркия ӘӘК сегіз ұшағы – төрт Ғ-16 және сонша Ғ-4. Генерал Рудскийдің айтуынша әуесоққысы жүргізілген барлық нысандар екі елдің әуе топтамасының басқармасымен және Бас штаб желісі бойынша келісу арқылы жүрген.
- Нысандарды барлау жұмыстары соңғы екі күн бойы ұшқышсыз әуе аппараттарының көмегімен және ғарыш барлау құрылғыларымен жүргізілді, деді әскери қолбасшы.
Қытай Ресеймен стратегиялық серіктестік қозғалысы туралы жариялады
Қытай АҚШ-пен жаңа режим бойынша қатынас орнатады, сонымен қатар Ресеймен жан-жақты стратегиялық байланысқа келеді. Бұл туралы 18 қаңтар күні женевалық Ұлт сарайында ҚХР төрағасы Си Цзиньпин БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш пен БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Питер Томпсонмен кездесу барысында айтты.
Оның айтуынша Қытай тұрақты және белсенді түрде өсіп келе жатқан ірі державалармен байланыс шеңберін орнатуға тырысады. Ресеймен қатынасы туралы айта келе, Си Цзиньпин ҚХР РФ-мен жан-жақты «стратегиялық серіктестік» байланысты қолдайтынын ескертті. АҚШ-пен Қытай «жаңа қатынас моделін» құруға тырысады, Еуропамен өсім мен реформа серіктестігі үшін, БРИКС елдерімен бірлік және ынтымақтастық үшін байланысатынын нақтылап өтті.
Трамп WikiLeaks-ті ақпараттандырушыға аяушылық білдірген Обаманың шешіміне уайым білдіруде
АҚШ таңдаулы президенті Дональд Трамп кетуші мемлекет басшысы Барак Обаманың WikiLeaks ақпараттандырушысы Брэдли Мэннингке рақымшылық жасағанына уайым білдірді. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы ретінде ұсынылған Трамптың өкілі Шон Спайсер хабарлады.
- Бұл адам тыңшылық әрекеті үшін сотталып, 30 жылға түрмеге қамалған. Соңғы орын алған келеңсіз ақпараттың ағып кету оқиғасынан кейін, әскери трибуналмен сотталған және бүкіл елдің құпиясын ашқан адамның рақымшылық алғанын көру біртүрлі, - деді Спайсер. Ол әсіресе «демократтардың жуықта ақпараттардың қолдан кеткенін қатты сынға алып, енді ақпаратты қолдан кетірген адамға рақымшылық жасауды қолдап отырған» екіұшты қылығын атады.
Естеріңізге саламыз WikiLeaks сайтына 700 мың әскери және дипломатиялық құжаттар тапсырғаны үшін Мэннинг 31 жылға және алты айға абақтыға қамалған, бірақ қаңтар айында осы жылдың 17 мамырында бостандыққа шығады деп жарияланды.
Лондонға Қытайдың бірінші тауар пойызы келді
Жолдың ұзақтығы 12 мың километрді құрады. Ұлыбритания астанасына мата, киімғ тұрмыстық тауарлар жеткізген құрама Қазақстан, Ресей, Беларусғ Польша, Германия, Белгия және Франция жерлерін кесіп өтіп, Ла-Манш жерасты үңгірімен өткен. Барлығына 18 тәулік кетті. Теңіз тасымалы екі есе көп уақытты талап еткен. Атап өту керек, Лондон – темір жол бойынша қытай жағымен байланыс орнатқан еуропаның 15-ші қаласы.
Ғалымдар ұстамды түрде ашығудың пайдалы екенін анықтады
АҚШ ғалымдары маймылдарға тәжірибе жүргізген. Осыған дейін аталмыш тәжірибе атжалмандарға жүргізіліп, калорияны 30-40 пайызға төмен пайдаланудың пайдалы екенін көрсеткен. Аш күйінде асыралған маймылдар өздерінің туысқандарынан 2-4 жыл ұзақ өмір сүрген. Алайда кебірінің өмірі бір жарым жылға ұзақ болған. Сонымен қатар тамағы азайған маймылдардың денсаулықтары жақсара түскен. Калорияның төмен деңгейде пайдаланылуы адам денсаулығына оң әсер ететініне ғалымдар сенімді. Осыған дейін ғалымдар ашығудың ұмытшақтыққа қарсы күресуші екенін айтқан. Ғалымдар тәжірибен тышқандарға да, келісім берген адамдарға да жүргізген. Барлық жағдайда да ағзаның ауруларға жақсы күресетінін байқаған.
Следующая →

Тақырыптар:
Утренняя панорама мировых новостей Борьба с терроризмом в Сирии Международные отношения WikiLeaks