Өскемен
малооблачно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +24°
  • Орал
    +26°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +22°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +21°
$
450.79
482.21
¥
62.14
5.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Сергей Кузнецов
Ақпарат көзі:
Устинка

10 қаңтардағы әлемдік жаңалықтардың бет бейнесі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ көз айнасына түскен саясат, экономика, және басқа да салалардағы ең елеулі оқиғалар тізімін дайындады

Трамптың аға кеңесшісі болып күйеу баласы тағайындалады

Джордж Кушнер сауда келіссөздерімен және Таяу Шығыспен айналысатын болады деп болжануда. Трамп болашақ командасына қатысты жоспарларын 11 қаңтарда өтетін баспасөз-конференциясында ашатынын айтып, бұл ақпаратқа ешқандай пікір білдірген жоқ.

Трамптың қызы Мванканың күйеуі 36 жасар Джаред Кушнер сайлау кампаниясы барысында республикандықтың сенімді тұлғасы болған. Мемлекеттік басқаруда Кушнердің тәжірибесі жоқтығы айтылуда.

Кушнер Kushner Companies компаниясының жетекшілік қызметінен кетеді деп күтілуде. «Маңызды активтер» мен шетелдік инвестициялардан бас тартады, сонымен қатар қаржылық талаптарына тікелей араласатын істерде ұстанымдылық танытады.

Кушнер Иванкаға 2009 жылы үйленген. Жұп Дональд Трампқа үлкен ықпал ете алатына ең жақын кеңесшілері болып есептеледі. Алдын ала алынған ақпараттар бойынша Иванка Трамп Ақ үйде жұмыс істемейді.



Венесуэланың жоғарғы соты Мадуроны қызметінен босатуға жол бермейді



Елдің жоғарғы сот мекемесі қызметіндегі ел басшысы орнынан түсіруге дауыс жинау және жаңа сайлауға дайындалу конституцияға жатпайтынын бекітті. Жоғарғы сот сонымен заңнамалық органның ел конституциясы шеңберінен тыс шешім қабылдай алмайтынын еске салды.

Дүйсенбі күні Венесэла парламенті президент Мадураны өз міндеттерін орындамағандықтан қызметін қалдырды деп жариялаған болатын. Бұл шешімге көптеген депутаттар дауыс берген – 167 уәкілетті депутаттың 106.

Атап өту керек, Николас Мадуроның президенттік қызметі 2019 жылы аяқталады.

АҚШ барлаушылары «қырғи-қабақ соғыс» кезінен бері қайшылықтың тәуекелдігі туралы айтты

Әлемде«Қырғи-қабақ соғыс аяқталғаннан бері көрмеген» ішкі және халықаралық қайшылық деңгейі өседі. Бұл туралы АҚШ Ұлттық барлау дайындаған «Жаһандық тенденциялар: үрдіс парадоксы» атты баяндамада айтылады.

Мамандардың айтуынша алдыңғы бес жылда әлемдік тәртіптің басты жауы «антиглобализм» мен «ұлтшылдық» болады. Сонымен қатар сарапшылар өңірлік қайшылықтарды, терроризмді, Жер тұрғындарының пайда деңгейлерінің алшақтығы, климаттық өзгерістерді атады. Баяндамада терроризмнің өзгеріп бара жатқаны айтылады. Қауіп енді «жаңа идеялар, технологиялармен қаруланған» кішігірім ұйымдардан, жалғыз басты тақуалардан келеді. Ең басты қауіптің қатарына АҚШ Ресей мен Қытайды енгізген. Олардың пікірінше бұл елдер «тым басым болып барады».

Гватемаледедегі жанартауға шығамыз деген алты адам қайтыс болды
 
Сенбі күні аттанғандар екі топтан тұрған. Олар жанартуға көтеріле бергенде, ауа температурасы күрт төмендеп, туристердің шатырын жұлып кеткен қатты дауыл тұрған. Адамдар жасырынар жер таппай, жолға шыққандардың денсаулықтары ушыға бастаған.
ТЖ орнына барған құтқарушылар экспедициясы тек екі адамды тірідей тапқан.
Қайтыс болғандардардың ішінде Гватемале Ұлттық атлетика ассоциациясының спортшылары Яхайра Ролдан мен Лусия Санчес болған.
Акатенанго жанартауы Чимальтенанго департаментінде, Гватемаленың оңтүстік батысында орналасқан. Оның біктігі теңіз деңгейінен 4 мың километрді құрайды.
 
Роналду ФИФА нұсқасы бойынша 2016 жылдың үздік ойыншысы атанды
 
Дүйсенбі 9 қаңтар күні Цюрихте 2016 жыл қорытындысы бойынша ФИФА марапатын беру салтанаты өтті. Үздік футболшы атағына «мадридтік «Реалдың» және Португалия құрамасының форварды Криштиану Роналду ие болды.
Бұл жеңіске Роналдудың бәсекелестері болып «Барселона» форварды Лионель Месси мен мадридтік «Атлетико» шабуылшысы Антуан Гризманн шықты. 2016 жылы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасын, УЕФА кубогын және өз клубы «Реалмен» әлемдік клубтық чемпионатта жеңіске жеткен болатын.
Атап өту керек, соңғы бес жыл бойы ФИФА әлемнің үздік ойыншысына марапатты France Football журналының редакциясымен бірлесе табыстайтын. Алайда былтырғы жылы келісім уақыты бітіп, оны созбады. Осыған денйін Роналды француз басылымының нұсқасы бойынша әлемдік үздік футболшы жеңімпазы марапатына ие болған.
 

Следующая →