Овечкин даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оқу-жаттығу отырысын өткізді
«Вашингтон Кэпиталз» клубының хоккейшісі Александр Овечкин даму мүмкіндігі шектеулі балалармен бірге өткізген хоккей ойындарының жаттығу видеосын Twitter-ге салды
Жаттығуға даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған хоккей командаларына 60 бала қатысты.
- Мен олардың құлшыныспен, қызығушылықпен сұрақ қойғандарын көрдім. Бұл - үлкен қуаныш. Біздің қоғамда көмекке мұқтаж жандарға көмектесу өте маңызды болып табылады, - деді хоккейші.
Овечкин алғаш рет осындай іс-шараны осыдан екі жыл бұрын өткізген болатын. Осы уақыт ішінде, «Вашингтон» хоккей клубы Американдық мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қауымдастығына 60 мыңнан астам доллар жинады. Осы қаражаттың үлкен бөлігі Овечкин арқылы берілді.