АҚШ Сириядағы әскери әрекетін күшейтпек
Пентагон лаңкестердің өздері астана етіп жариялаған Эр-Ракка қаласына шабуыл жасау үшін Сирия жауынгерлерін дайындауға үлкен көңіл бөлмекші
Сириядағы радикалды исламдықтардың орталығы Эр-Ракка қаласын азат ету үшін АҚШ-қа жергілікті әскерді дайындауды күшейту керек, - деді Сириялық Араб Республикасында «Бұзылмас бостандық» атты Пентагон операциясын басқарушы генерал Стивен Таунсенд журналистерге. Генералдың айтуынша, АҚШ-тың әскери мамандары қалаға шабуыл жасайтын көптеген еріктілерді дайындап қойған, алайда жинауды, қаруландыруды тоқтатпай, бұл операцияға жергілікті күштің санын арттыру керек дейді Тансенд.
Жергілікті жауынгерлерге тереңдетілген дайындық бағдарламасы керек, себебі Ракканы азат ету Алепо мен Мосулды азат етуден ұзаққа созылып кетуі мүмкін дейді әскери мамандар. Сириядағы әскери компанияны аяқтайтын операция дайындығымен толықтай Пентагон айналысуда.
Американдық жақтың бар күшін Ресей мен Сириямен бірге координацияламайтыны түсінікті.
«Бізде ешқандай ниет жоқ және Асад режимімен әрекетімізді координациялауға да күш салмаймыз, бұл туралы осыған дейін де айтқанбыз – Сирияда ИШИМ-ге қарсы кез-келген операцияда», - деп атап өтті Мемлекеттік департамент өкілі.