Сирияда әскери әрекеттің салдарынан жиырма бала қаза тапты
Сириялық Идлиб қаласында мектепке жасалған шабуыл барысында 22 бала мен 6 мұғалім қаза тапты, деп хабарлайды UNICEF ресми сайты
«Алынған ақпараттар бойынша 22 бала мен 6 оқытушы Идлибтегі мектепке жасалған бірнеше шабуыл барысында қаза тапты», - деп мәлімдеді Энтони Лэйк қорының атқарушы директоры.
Халықаралық ұйым Энтони Лэйк қоры атқарушы директорының мәлімдемесін де жариялады
- Бұл қасірет. Егер шабуыл қасақана жасалған болса, онда әскери қылмыс, - делінген мәлімдемеде. – Жанұялар мәңгіге балаларынан айырылды, оқушылар ұстаздарынан айырылды. Болашақ Сирияға тағы бір жара.
Мәлімдеде балалар мен үлкендердің қандай шабуылдан қаза тапқаны айтылмаған.
Сириядағы қазіргі билік пен оппозицияның қарулы қақтығыстары 2011 жылдың наурызынан бері жалғасып келеді. БҰҰ ақпараты бойынша осы уақытқа дейін 220 мыңнан астам адам қаза тапқан.