Дональд Трамп өз позициясын Обама ағасының қолдауымен бекітпек
АҚШ президентінің өгей ағасы Малик Трампқа соңғы дебаттарда қолдау көрсету үшін 19 қазанда Лас-Вегас қаласына келеді
Маликаның мұндай шешімі туралы New York Post беттерінде хабарланды.
«Дебатқа қатысқаным үшін қуаныштымын. Трамп Американы қайтадан ұлы етеді», - деді Малик Обама.
Президент орындығына үміткер Республикалық Обаманың өгей ағасына жауап қатты.
«Маликпен кездесуді тағатсыз күтудемін. Оның түсінігі бауырынан артық», - деп нақтылады Трамп.
Малик Обама демократтар үміткерін сынға алды. Оның пікірінше, Хиллари Клинтон мемлекеттік хатшы қызметін нашар атқарған.
Барак Обаманың өгей ағасы Малик Кенияда дүниеге келген. Алайда ол Штаттарда ұзақ уақыт өмір сүрген, АҚШ азаматы болып табылады. БАҚ өкілдері ағайындылардың қарым қатынастары бұрын жақсы болғанын айтады. Алайда олардың аралары ажырап кеткен. Малик пен Барак соңғы рет өткен жылдың тамыз айында кездескен.