Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Жеке куәліктер қайта өзгертіледі

ҚР ІІМ елдегі азаматтардың жеке бас құжаттарының сыртқы түрі мен құрылымын өзгертпек

Жаңа құжатта енді азаматтардың саусақ іздері де болуы мүмкін. Осындай өзгерісті енгізуге бастама білдіргендердің пікірінше, осылайша биометриялық мәліметтер жасанды құжаттардан сақтап, мемлекеттік шекарадан өту мен жеке бас құжатымен ғана көрсетілетін қызметтерді жеңілдете түседі. Одан өзге құжатта дактилоскопиялық мәліметтердің болуы құқық қорғау органдарына терроршыларды бақылауда ұстап, қылмысты әшкерелеуге, қылмысты нәтижелі ашу мен алдын алуға, жоғалған азаматтарды табуға да көмектеспек. Егер Парламент полицейлердің өтінішін жерде қалдырмаса, саусақ ізі бар жеке куәлік, төлқұжат 5 жылдан соң беріле бастамақ. Айта кетейік, Ішкі істер министрлігі бұл іске бюджеттен 24 миллиард теңге сұрап отыр. - Құжаттарды алмастыру барысында, ескі төлқұжаттар өздерінің қолдану мерзімі аяқталмағанша қолданыстан шықпайды, - деп атап өтті ҚР ІІМ миграция полициясы департаментінің басшысы Серік Сайынов.
Следующая →