Гитлер дүниеге келген үй бұзылатын болады
Австрия билігі Адольф Гитлер дүниеге келген үйді қирату туралы шешімге келді. Бұл туралы елдің ІІМ басшысы Вольфганг Соботка халыққа жария етті
Оның айтуынша, шешім қабылданып қойған, талқыланбайды. Қаралы жақтан танымал болған Адольф Гитлер дүниеге келіп, өскен ел батысында орналасқан үй қиратылады. Соботка үйдің іргетасын қалдырып, оның негізіне әкімшілік немесе қайырымдылық мақсатында пайдаланылатын жаңа мекеме тұрғызылатынын айтты. Оның орнына мұражай немесе Азия мен Солтүстік Африкадан келген босқындарға арналған баспана тұрғызу ұсынылып отыр. ІІМ айтқандай мұндай шешім Гитлер үйінің қаладағы көрікті орынға айналып, әлемдік неонацистердің орталығына айналдырмау үшін қабылданып отыр. Вольфганг Соботканың айтуынша, Автрия оқиғаның бұлай өршуіне жол бере алмайды.
Следующая →
Тақырыптар:
Исторические личности