ясно
°
$
501.79
-1.56
595.07
+4.44
¥
72.16
-0.12
6.56
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Туристік пойыз енді Өзбекстаннан ары Тәжікстанға апарады

Халықаралық "Jibek Joly" туристік пойызы алғаш рет Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанды байланыстырмақ

Новости мира / Туристік пойыз енді Өзбекстаннан ары Тәжікстанға апарады
Фото:
"Жолаушылар тасымалы" АҚ

Алғашқы сапар 20-25 наурыз аралығына жоспарланған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

"Jibek Joly" туристік пойызы біртұтас мәдени-танымдық бағыт аясында Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанды біріктіреді. Жоба аясында алғаш рет туристік бағыт Душанбе қаласына дейін ұзартылды.

Ұлы Жібек жолының тарихи қалалары арқылы өтетін бұл бағыт Алматыдан басталып, Түркістан, Самарқан, Душанбе және Ташкентті қамти отырып, Орталық Азияның рухани және заманауи орталықтарын байланыстырады, - деп мәлімдеді "Жолаушылар тасымалы" АҚ. - Туристік пакеттің бағасына туристік пойызбен қатынау, кәсіби гидтердің қатысуымен әзірленген экскурсиялық бағдарлама, кіріс билеттері, сондай-ақ трансфер қызметтері қамтылған. Сапар Наурыз мейрамы мен қасиетті Рамазан айының аяқталуымен тұспа-тұс келеді. Сапар барысында қатысушылар Орталық Азия халықтарының мерекелік дәстүрлері, ұлттық салт-санасы, музыкасы мен әдет-ғұрыптарымен кеңінен танысу мүмкіндігіне ие болады.

Толық ақпарат үшін:

  • 7 702 218 6809
  • 7 777 254 4335
  • 7 701 204 3439
  • 7 702 218 2220

Следующая →