ШҚО-да өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша жедел желі іске қосылды
Азаматтар өрт қауіпсіздігіне қатысты кез келген сұрақпен мамандарға жүгіне алады

Жедел желі бес күн бойы жұмыс уақытында қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасында тұрмыста және жұмыс орнында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтарға кеңес беру және ақпараттандыру мақсатында "жедел желі" өз жұмысын бастады.
Мамандар Сіздің сұрақтарыңызға жауап беруге, өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіруге және өрттің алдын алу бойынша ұсынымдар беруге дайын.
Жедел желі телефоны: 52-51-00.
Жұмыс режимі:
- бес күндік жұмыс аптасы (09.00-ден 18.30-ға дейін)
- үзіліс: 13.00-ден 14.30-ға дейін