Өскемен
Қалың бұлтты
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Семей
    -17°
  • Алматы
    -3°
  • Риддер
    -5°
  • Астана
    -18°
  • Ақтөбе
    -18°
  • Ақтау
    +2°
  • Атырау
    -6°
  • Қарағанды
    -16°
  • Көкшетау
    -20°
  • Қостанай
    -18°
  • Қызылорда
    -3°
  • Павлодар
    -19°
  • Петропавловск
    -20°
  • Тараз
  • Түркістан
    +2°
  • Орал
    -14°
  • Шымкент
    +2°
$
494.63
-0.47
583.22
-0.50
¥
71.28
-0.05
6.42
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қайтарылған активтер есебінен 6 спорт нысаны салынбақ

Президент тапсырмасы бойынша Үкімет Арнайы мемлекеттік қор қаражатын спорт инфрақұрылымдарын дамытуға тартуда

Новости мира / Қайтарылған активтер есебінен 6 спорт нысаны салынбақ
Фото:
pexels

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Министр Ақмола облысының Зеренді ауылында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің құрылысы аяқталып, қазіргі уақытта үш нысан салынып жатқанын айтты. Олар – Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион, Алматы облысындағы спорт кешені және Көкшетаудағы көпфункционалды кешен.

Қазір жаңа 6 нысан бойынша өтінім жолданды. Олар – Түркістан облысы Бақыбек ауылы, Алматы облысы Шеңгелді және Заречный кенттері, Қостанай облысы Арқалық және Лисаков қалаларындағы, сондай-ақ Астана қаласындағы "Қазақстан" спорт кешені, - деді Ербол Мырзабосынов.

Жалпы 2025 жылдың 9 айында 35 спорт нысаны салынды. Жыл соңына дейін тағы 67 нысанның құрылысын аяқтау жоспарланған.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Спорт нысаны Құрылыс Қайтарылған активтер