Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +29°
  • Астана
    +24°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +27°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +24°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +29°
  • Павлодар
    +23°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +33°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +34°
$
542.66
+3.17
631.98
+4.28
¥
75.54
+0.44
6.77
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Президент тазы мен төбетті ұлттық брендке айналдыруды тапсырды

Қазақ тазылары Хельсинкидегі WDS 2025 Дүниежүзілік иттер көрмесінде ресми түрде алғаш рет әлемге таныстырылды

Новости мира / Президент тазы мен төбетті ұлттық брендке айналдыруды тапсырды
Фото:
gov.kz

Мемлекет басшысы да дүниежүзілік көрмеге қатысып, халықаралық аренада лайықты бағасын алған қазақы тазыны ұлттық бренд, мәдениетіміздің ажырамас бөлшегі ретінде халықаралық деңгейде толық таныту ортақ міндет екеніне назар аударды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Атап айтқанда, тазы тұқымын дамыту және бірегей қасиеттерін сақтау, жүйелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, халықаралық көрмелерге тұрақты қатысу сияқты бағыттардан тұратын бұл іске Қазақстан кинологтар одағымен қатар мемлекеттік органдар да белсенді атсалысуға тиіс, - деп жазды ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай. - Президент Іс басқармасы, Экология және табиғи ресурстар, Ғылым және жоғары білім, Ауыл шаруашылығы, Сыртқы істер министрліктері және басқа да құзырлы органдар, сондай-ақ жергілікті әкімдіктер бірлескен жүйелі жоспар аясында тиісті ұйымдастыру шараларын қолға алуы керек. Қасым-Жомарт Тоқаев төбет тұқымын да ерекше қамқорлыққа алып, мемлекеттік органдардың қолдауымен дәл осы ауқымда жұмыс атқару міндетін жүктеді. Аталған мәселе Президент Әкімшілігінің ұдайы бақылауында болады.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі ақпаратына сүйенсек, дүниежүзілік іс-шараға Қазақстан делегациясы қатаң талап бойынша іріктелген әрі халықаралық деңгейде өнер көрсетуге барынша үйретілген 8 тазыны апарған. Әлемнің әр түкпірінен келген 25 000 үздік иттің ішінде қазақ тазылары FCI ұйымында тіркелген дербес ит тұқымы ретінде тұңғыш рет жұрт назарына ұсынылып отыр.

Қазақтың төл ит тұқымдары алғашқы сайыста айтарлықтай маңызды нәтижеге қол жеткізді: 5 тазы өздерінің рингтерінде жүлделі орындарды жеңіп алды. "2025 жылғы Әлемнің жас чемпионы" аталымында Темірлан атты тазы жеңімпаз болды, Лашын - "Әлем чемпионы", Ару атты тағы бір тазы - "Әлем чемпионы", Көксерек пен Пана - "Әлемнің вице-чемпиондары" атанды.

Бұған қоса, Лашын мен Ару Финляндия чемпиондары ретінде марапатталды.

Следующая →