Өскемен
ясно
+21°
  • Өскемен
    +21°
  • Алматы
    +27°
  • Астана
    +21°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +23°
  • Көкшетау
    +17°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +29°
  • Павлодар
    +24°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +30°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +29°
$
507.07
-3.52
572.53
-6.38
¥
70.37
-0.52
6.37
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО әкімі бастаған делегация іссапармен Қытайда жүр

Делегация ертең "Үлкен Алтай" өңірлік ынтымақтастық жөніндегі халықаралық конференцияға қатысады

Новости мира / ШҚО әкімі бастаған делегация іссапармен Қытайда жүр
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Конференция Қытай Халық Республикасының Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданы Алтай қаласында өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Делегация құрамында облыстық басқарма өкілдері, аудан әкімдері, сондай-ақ бизнес саласының өкілдері бар.

ШҚО делегациясы конференция аясында сауда және экономика, білім, ғылым және техника, ауыл шаруашылығы мен экология, мәдениет, туризм және спорт, сондай-ақ өткізу бекеттерін дамыту бойынша сессияларға қатысады.

Іссапар барысында ШҚО әкімі СҰАА партия комитетінің хатшысымен және Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданы халық үкіметінің төрағасымен ресми кездесу өткізеді.

Бағдарламаға сәйкес, ШҚО делегациясы Алтай политехникалық колледжіне, табиғи төмен дейтерийлі мұздық суын өндіретін "Синьцзян Сюэду" компаниясына және Алтай аймақтық дәстүрлі қытай медицинасы ауруханасына барады.

Кездесулер барысында түрлі бағыттар мен салалар бойынша ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін қарастыру жоспарлануда.

Следующая →