Өскемен
ясно
+21°
  • Өскемен
    +21°
  • Алматы
    +27°
  • Астана
    +21°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +23°
  • Көкшетау
    +17°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +29°
  • Павлодар
    +24°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +30°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +29°
$
507.07
-3.52
572.53
-6.38
¥
70.37
-0.52
6.37
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Зайсандық жас футболшылар республикалық чемпионатта жүлде алды

Команда жалпы есепте 2-орынға ие болып, күміс жүлдені қанжығалады

Усть-Каменогорск и ВКО / Зайсан (Зайсанский р-он) / Зайсандық жас футболшылар республикалық чемпионатта жүлде алды
Фото:
Зайсан ауданы әкімдігінен

Сондай-ақ, төрешілер шешімімен екі ойыншысы ерекше көзге түсті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі

14–19 мамыр аралығында Түркістан облысының Жетісай ауданында ауыл спорт мектептері арасында 2012 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының футбол чемпионаты өтті. Бұл жарысқа еліміздің әр өңірінен үздік командалар қатысып, өзара бақ сынасты.

Зайсан ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы чемпионатта Шығыс Қазақстан облысының намысын абыроймен қорғады. Жарыс барысында Зайсан командасы Ақтөбе және Ұлытау командаларымен тең ойнап, Түркістан, Жетісай және Мақтаарал командаларын жеңіп, жалпы есепте жүлделі 2-орынға ие болды. 1-орынды Түркістан командасы, 3-орынды Мақтаарал командасы еншіледі, - деп мәлімдеді Зайсан ауданы әкімдігі. - Жарыс қорытындысы бойынша төрешілер алқасының шешімімен Зайсан командасының ойыншылары ерекше көзге түсті. Дастан Досжан - "Үздік шабуылшы", ал Манап Диас - "Турнирдің үздік ойыншысы" атанды.

Следующая →