Өскемен
ясно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +27°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +24°
  • Көкшетау
    +17°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +32°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +27°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +28°
$
510.06
-3.68
566.32
-2.85
¥
70.84
-0.42
6.32
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендік жас химик халықаралық олимпиадада жүлде алды

Бразилияның Белу-Оризонти қаласында 59-шы халықаралық Менделеев олимпиадасы өтті

Новости мира / Өскемендік жас химик халықаралық олимпиадада жүлде алды
Фото:
t.me/oqu_agartu

Білім додасында Өскемен қаласынлағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Айзере Жеңісханова қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Қазақстандық оқушылар 40 ел қатысқан жарыста үздік нәтиже көрсетіп, 11 медаль жеңіп алды. Осылайша АҚШ, Жапония, Қытай және Еуропа елдерінің мықты құрамаларын басып озды.

Қазақстан құрамасы 2024-2025 оқу жылында химиядан республикалық олимпиаданың жеңімпаздары болған 10-11 (12) сынып оқушыларынан жасақталды. Команданың барлық мүшелері халықаралық турнирде жүлдегер атанып, Қазақстандағы білім жүйесінің және дарынды оқушыларға көрсетілетін қолдаудың жоғары деңгейде екенін дәлелдеді, - деп мәлімдеді ҚР Оқу-ағарту министрлігі. - Байқауда Маңғыстау облысындағы "Білім-Инновация" лицейінің 10-сынып оқушысы Меңдіғали Қалдыбай практикалық кезеңде ең жоғары ұпай жинап, "Award for the Best Score in the Practical Exam" арнайы сыйлығына ие болды.

7 оқушы күмістен алқа тақса, 4 оқушы қола қанжығалады.

Айта кетейік, халықаралық Менделеев олимпиадасы Қазақстан ұлттық құрамасы үшін 2025 жылдың 5-14 шілде аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін химиядан Халықаралық олимпиадаға (IChO) дайындықтың маңызды кезеңі болып саналады.

Следующая →