Өскемен
ясно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -12°
  • Актау
    -3°
  • Орал
    -8°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    -3°
  • Павлодар
    -12°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    +6°
  • Туркестан
    -15°
  • Шымкент
    +7°
$
498.69
-4.20
522.23
-4.80
¥
68.65
-0.71
5.79
+0.08
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

АҚШ-тағы қазақстандықтарға ескерту жасалды

АҚШ шекара қауіпсіздігін нығайту және заңсыз миграцияны азайту мақсатында миграциялық саясатын барынша қатаңдатпақ

Новости мира / АҚШ-тағы қазақстандықтарға ескерту жасалды
Фото:
pexels

АҚШ-тағы миграциялық саясаттың қатаңдатылуына байланысты Қазақстан елшілігі шетелде құжатсыз, визасыз жүрген қазақстандықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Шекара қауіпсіздігін нығайтуға және заңсыз миграцияны азайтуға бағытталған шаралар елге заңсыз келген шетелдіктерге (визасыз келген және тұрақты тұруға рұқсаты жоқ азаматтар) және АҚШ-та заңсыз жүрген мигранттарға қатысты болып отыр.

Қамауға алу және елден шығару сынды мәжбүрлеу шараларымен қатар, АҚШ-қа қайта кіруге шектеулер енгізіліп, сондай-ақ әлеуметтік көмек, жұмыс істеуге рұқсат беретін құжаттар мен басқа да әлеуметтік жеңілдіктерді жою қарастырылуда.

АҚШ билігі заңсыз негізде жүрген шетелдіктерге (құжаты жоқ, жарамсыз виза мен тұрақты тұруға рұқсаты (Грин Карта) және басқа құжаттар болмауы) елден өз еркімен кетуге мүмкіндік беріп отыр. Бұл шара Қазақстан азаматтарының депортацияға ұшырау қаупін азайтуға және оның салдарынан болашақта АҚШ визасына өтініш бергенде ел аумағына кіруге тыйым салынуынан сақтануға көмектеседі, – делінген хабарламада.

АҚШ көші-қон заңнамасындағы өзгерістер туралы ресми ақпаратты келесі ресурстардан бақылап отыру ұсынылады:

  • АҚШ азаматтығы және иммиграция қызметі (USCIS);
  • АҚШ Мемлекеттік департаменті – Консулдық мәселелер бюросы.

Төтенше жағдайлар немесе консулдық-құқықтық көмек қажеттілігі туындаған жағдайда, төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады:

  • Қазақстан Республикасының Елшілігі: +1 202 232 5488 ішкі 127, 109, 121;
  • ҚР Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдығы: +1 332 207 9632;
  • ҚР Сан-Франциско қаласындағы Бас консулдығы: +1 650 741-8894.
Следующая →