Өскемен
пасмурно
-6°
  • Өскемен
    -6°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -13°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    -3°
  • Қызылорда
    -2°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -4°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +3°
$
523.58
+0.41
549.71
-0.35
¥
71.99
+0.18
5.01
+0.08
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Бүгін бокстан Азия чемпионаты басталады

Бүгін Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы кезекті Азия чемпионатының шымылдығы түріледі

Новости мира / Бүгін бокстан Азия чемпионаты басталады
Фото:
t.me/sport_comiteti

11 желтоқсанға дейін жалғасатын сары құрлық бәсекесінде ерлер – 13, ал әйелдер 12 салмақ дәрежесінде сынға түседі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Әуелгі жоспар бойынша биылғы Азия біріншілігі осыдан екі жыл бұрын аталған доданы қабылдаған Иордания астанасы – Амманда өткізілуі тиіс еді. Алайда өңірдегі қауіпсіздік мәселесі ескеріліп, чемпионат Иорданиядан Таиландқа ауыстырылды. Осылайша, Таиланд Корольдігі 1963 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан бокстан Азия чемпионатын өз тарихында 9-мәрте қабылдап отыр.

Биылғы Азия чемпионатының ерекшелігі - сары құрлық додасына алғаш рет Украина боксшылары да қатыспақ. Бұл Азия чемпионатында тіркелген алғашқы жайт болса да, Еуропа чемпионатында өзге құрлықтан, яғни, Израиль, Мысыр сияқты елдердің де боксшылары қатысқан кездер болған.

Қазақстан ерлер құрамасынан Азия чемпионатына қатысатын 13 боксшының екеуі, яғни, Санжар Тәшкенбай (48 кг, 2022 жыл) мен Айбек Оралбай (92 кг, 2022 жыл) бұған дейін Азия біріншілігінде топ жарған. Сондай-ақ Таиландта төрт әлем чемпионы жұдырықтасады. Олар: Санжар Тәшкенбай (48 кг), Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (54 кг) және Бекзат Нұрдәулетов (86 кг). Ал Оразбек Асылқұлов (57 кг), Бейбарыс Жексен (60 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Диас Молжігітов (75 кг), Ерасыл Жақпеков (80 кг) және Бекзат Нұрдәулетов (86 кг) Азия чемпионатына алғаш рет қатысады, - деп хабарлады ҚР Спорт комитеті.

Қазақстан ерлер құрамасының тізімі:

48 келі: Санжар Тәшкенбай 51 келі: Сәкен Бибосынов 54 келі: Махмұд Сабырхан 57 келі: Оразбек Асылқұлов 60 келі: Бейбарыс Жексен 63,5 келі: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы 67 келі: Дулат Бекбауов 71 келі: Абылайхан Жүсіпов 75 келі: Диас Молжігітов 80 келі: Ерасыл Жақпеков 86 келі: Бекзат Нұрдәулетов 92 келі: Сағындық Тоғамбай +92 келі: Айбек Оралбай

Қазақстан әйелдер құрамасының тізімі:

48 келі: Әйгерім Сәттібаева 50 келі: Алуа Балқыбекова 52 келі: Жазира Орақбаева 54 келі: Сымбат Әлиасқар 57 келі: Ұлжан Сәрсенбек 60 келі: Виктория Графеева 63 келі: Аида Әбікеева 66 келі: Милана Сафронова 70 келі: Наталья Богданова 75 келі: Диана Мағауияева 81 келі: Гүлсая Ержан +81 келі: Елдана Талипова

Следующая →