Өскемен
ясно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +28°
  • Астана
    +24°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +25°
  • Көкшетау
    +24°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +23°
  • Петропавловск
    +24°
  • Тараз
    +30°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +31°
$
520.39
609.58
¥
72.57
6.63
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"ХХІ ғасыр көшбасшысы" зияткерлік ойыны қайта жаңғырды

Оқу-ағарту министрлігі "Хабар" агенттігімен бірлесіп оқушылар арасында өтетін "ХХІ ғасыр көшбасшысы" зияткерлік ойынын қайта жаңғыртты

Новости Казахстана / "ХХІ ғасыр көшбасшысы" зияткерлік ойыны қайта жаңғырды
Фото:
t.me/oqu_agartu

Зияткерлік ойын 11(12)-сынып оқушылары арасында өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Биыл қараша айында еліміздің барлық өңірінде басталған іріктеу кезеңі 2025 жылдың сәуір айына дейін жалғасады. Өңірлік кезеңнің нәтижесі бойынша әрбір облыстан 5 үздік оқушы республикалық кезеңге жолдама алады. Ол 2025 жылдың наурыз-сәуір айларында Алматы қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.

Зияткерлік сайысының тапсырмалары жалпы білім, логика, музыка, өнер, спорт секілді түрлі салаларды қамтиды. Аудандық кезеңде қатысушылар 45 минут ішінде 30 сұраққа жауап берулері керек болса, облыстық кезеңде 60 сұрақтың шешімін табуға 75 минут уақыт беріледі.

Бұл телеойынның оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамытуға айтарлықтай үлес қосатынына және олардың білімге, өз өзін жетілдіруге ұмтылуына серпін беретініне сенімдіміз. Жоба ең талантты, дарынды көшбасшыларды тануға, таңдауға септігін тигізеді, - дейді "Дарын" РҒПО-ның директоры Ғаждембек Тұрсынов.

Естеріңізге сала кетейік, "ХХІ ғасыр көшбасшысы" телеойыны "Хабар" республикалық телеарнасында алғаш рет 1999 жылы жарыққа шықты. 25 жыл ішінде ол бірнеше рет жаңарып, жоғарғы және кіші топтар форматында да ұсынылды.

Оқушылардың білімі мен интеллектуалды дамуын арттыруға, сондай-ақ еліміздің болашақ зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға бағытталған тележоба енді Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен қайтадан өз көрерменімен қауышады.

Следующая →