Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Спорт Спорт
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Спортшыларымыз тағы допингпен ұсталды

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы қазақстандық зілтемірші Фаина Сиванбаеваны спорттық жарыстардан өмір бақи шеттетіп тастады

Новости спорта / Новости спорта Усть-Каменогорска и ВКО / Спортшыларымыз тағы допингпен ұсталды
Фото:
wfrk.kz
Ауыр атлеттің қанын тексергенде тыйым салынған дәрі ішкені анықталыпты. Ал сайыстан аластатылған спортшылардың саны әлі де артуы мүмкін, деп хабарлайды «КТК телеарнасының сайты».

Фаина Сиванбаева Қазақстан спартакиадасының алтын жүлдегері. Тайландта өткен Азия чемпионатында қола медаль иеленген. Халықаралық ауыр атлет федерациясы жерлесіміздің әр жеңісінен кейін тұрақты түрде қанын тексеріп, зілтеміршінің үш рет допинг қабылдағанын анықтапты. Енді Сиванбаева өмір бойы спорттық сайыстарға қатыса аламайды. Ресейдің де танымал спортшылары әлемдік олимпиададан шеттетілуі мүмкін. Теннисші Мария Шарапова мен конькимен сырғанаудан бес дүркін әлем чемпионы Павел Кулижников та біздің Сиванбаева сияқты милдронат дәрісін қабылдады деп айыпталып жатыр.

Шарапова қазір әлемдік допингке қарсы агенттік қандай жаза қолданатын күтіп отыр. Ресейлік теннисші төрт жыл бойы спорттық сайыстарға қатысу құқығынан айырылуы мүмкін деген болжам бар. Шарапованы жанкүйерлері ғана емес, әріптестері де жақтады. Мәселен, қазақстандық жеңіл атлет Ольга Шишигина допинг дауының саяси астары да бар дейді.

Ольга Шишигина, Сидней олимпиадасының чемпионы:

- Меніңше, бұл көршілерімізді Олимпиадаға қатыстырмаудың бір амалы. Сонда спортшылар темірден жасалған ба? Бізге адам ретінде қарапайым суық тиіп ауыруға болмайды. Ем үшін дәрі ішсек те, допинг деп айыптайды.

Ал, атышулы милдронатты біздің спортшылар да тұрақты қабылдап келген. Оны жаттығу кезінде жүректің жұмысын жақсарту үшін ішеді екен.

Алексей Кондрат, Жеңіл атлетика федерациясының вице-президенті:

- Милдронатқа тыйым салынған сәттен жиындарда, жаттығуда ескерту жасадық. Бұл препаратты біздің спортшыл дәрумен реніде өте жиі пайдаланатын. Енді халықаралық допингке қарсы ережеге бағынуға тура келеді.

Ал, спортшылармен тікелей жұмыс істейтін дәрігерлер милдронатты аса жақтап отырған жоқ. Мамандардың айтуынша, бұл препататты жаттығудан кейін қанша ішсе де еш пайдасы жоқ екен.

Григорий Азаров, Олимпиадаға велоспортшыларды дайындау орталығының дәрігері:

- Спортшылар милдронаттың нұсқауына сенеді. Жаттығудан кейін тез қалыпқа келудің жолын іздейді, дәрі ішіп өздерін алдайды. Бірақ, милдронаттың сау жүрекке еш пайдасы жоқ. Ол тек ау жетпей қысылғанда ғана ем болуы мүмкін.

Милдронат қанның құрамында 12 сағатқа дейін сақталады екен. Ал төрт жыл бұрын денсаулыққа аса қажет дәрі-дәрмектің тізіміне кірген препарат аяқасты қара тізімге кірген. Енді оны ішкен спортшылар халықаралық деңгейде жазаланады.
Следующая →
Тақырыптар: Спорт Допинг Ұсталды