Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

«Оңай» үшін таяқ жедім деген автобус жүргізушісі жауапқа тартылды

Оңбай таяқ жеп, сол үшін «оңайлықтарды» айыптаған алматылық автобус жүргізушісінің өзі жауапқа тартылып жатыр

Новости Казахстана / «Оңай» үшін таяқ жедім деген автобус жүргізушісі жауапқа тартылды
Фото:
almaty-akshamy.kz
Себебі, тергеушілер істі жүргізу барысында бұл оқиғаға қоғамдық көліктегі электрондық төлем жүйесінің еш қатысы жоғын, жанжалдың екі адам арасындағы жеке мәселеден туындағанын анықтаған, деп хабарлайды «КТК телеарнасының сайты». Ал соққыға жыққан жігіт басқа емес, автобус жүргізушісінің туысқан інісі екен.

Қалдыбек Байтанауов төрт жыл бұрын одан қарыз алып, төлемей кетіпті. Сол үшін Семейден арнайы келген туысы есесін жұдырықпен қайтарған.

Атышулы оқиға ақпан айында болды. 13-ші бағыттағы автобус жүргізушісі жұмыста жүріп оңбай таяқ жеп, мұнысын «Оңай» төлем жүйесімен байланыстырған. Ақша төлеуден бас тартқан жолаушы, бас салып ұрды деген еді сол кезде Қалдыбай Байтанауов.

"Мына «Оңайды» қойып, «Оңайдан» мүгедек болдым ғой. «Оңай» болмағанда емін-еркін төлеп жүре бергенбіз. Қазір «бардак» болды мына «Оңайды» қойғалы", - деді автобус жүргізушісі Қалдыбек Байтанауов.

Байтанауов, тіпті Алматы көлік холдингінен 5 миллион теңге өтемақы талап етпек болғаны да есте. Алайда тергеушілер істің ақ-қарасын анықтаған соң, әңгіме бастан-аяқ өзгеріп кетті. Сөйтсе, соққыға жыққан өзге емес, өз туғаны екен. Ал өзара жанжалға осыдан 4 жыл бұрын алған 10 мың доллар қарызы себеп болған.

"Содан бері міне, 4 жыл бойы 45 мың теңгеден ақша жіберіп тұрдым. Содан бастап мына биылғы қыркүйектен бастап кішкене ақша бере алмай бастадым. Бұл інімді енді бәрібір соттатқанда маған ұят болды ғой. Ел-жұртымнан, жақынымнан ұят. Сонан кейін айттым да өтірікті", - деп ақталды ол.

Ағайынымен бас араздығын елге жария қылғысы келмеген жүргізушінің өзі де жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

"Тергеушілер екі азаматтың да іс-әрекетеріне ресми түрде құқықтық тұрғыда баға беруде. Яғни, жалған ақпаратты беру де өзі қылмыс болып табылады", - дейді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сондай-ақ, ағасына қол жұмсаған інісінің ісі де қараусыз қалмайды. Ал Алматы көлік холдингінің өкілдері жала жапқан жүргізушіге қатысты сотқа шағымданбайтынын айтып отыр.
Следующая →
Тақырыптар: Оңай Жәбір Жүргізуші