Юлия Галышева мен бапкері "Құрмет" орденімен марапатталды
Могулдан Олимпиада жүлдегері әрі әлем чемпионы Юлия Галышева мен фристайл-могулдан ұлттық команданың бас бапкері Елена Круглыхина мемлекеттік наградаға ие болды
Марапатты Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Тимур Құлыбаев тапсырды, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.
Айта кету керек, чемпион мен бапкер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес, "Құрмет" орденімен марапатталды.
- "Құрмет" ордені - менің бүгінге дейін алған ең жоғарғы наградам. Бұл әрі қарай тынымсыз еңбектенуге үлкен серпін береді. Мемлекет басшысымен және Олимпиада комитетінің президентімен өткен бүгінгі кездесу еліміздегі спортшылардың қолдаусыз қалмайтынын көрсетеді. Біздің алдымызда үлкен міндеттер тұр. Биік шыңдарды бағындыру үшін аянып қалмаймыз, - деді Ю. Галышева.