ШҚО-да жылқы қарға "батып" қалды
Қарға адымдап келе жатқан жылқы омбы қарға "бұрқ" етіп түсіп, көміліп қалды
Оқиға облыстағы аудандардың бірінде болған. Ғаламторда тарап кеткен бейнежазбада қос салт аттының бірі жаяу қалғаны, жылқының омбы қарға күресін түсіп кеткені анық көрініп тұр.
Әбден ашуға булыққан жылқышы "батып қалған" атты сабап, өзі салған соқпақпен жүргізіп, омбы қардан жануарын шығарып алды.
Ал желі қолданушылары жылқышының жануарға қорлық көрсеткенін айтып, қатаң сөгіп жатыр.