Фристайлдан ел құрамасының қоржыны екі қола жүлдемен толықты
Қытайдың Тайву қаласында өткен фристайлдан Әлем кубогінің екінші кезеңі қазақстандық үздік могулшілер Дмитрий Рейхерд пен Юлия Галышева үшін сәтті болып, екеуі де қола жүлдегер атанды
Жарыстың алғашқы күні ерлер арасындағы жекелей могулде 1-орынды канадалық Микаэль Кингсбери алса, жапон Икума Хорисима күміс жүлдеге ие болды, ал жерлесіміз Дмитрий Рейхерд қола жүлдені қанжығалады. Ал қазақстандық Павел Колмаков мәреге 16-шы болып келсе, Александр Геберттің квалификациядан өтпей қалды. Ал әйелдер арасында Юлия Галышева басты финалға өткенімен, қола жүлдегер атанды. Француздық Пьеррин Ляфонт та жерлесімізден бірнеше балға озып, қоланы қанжығалады. Ал күміс Джакар Энтони, алтын американдық Джелин Кауфқа бұйырды.
Екінші күні Юлия Галышева үздік өнер көрсетіп, параллельді могулде қола жүлде алды. Галышева әр раунда өз қарсыластарын басып озып келіп, жартылай финалда олимпиада чемпионы Пьеррин Ляфонтқа есе жіберіп алды. Ал өз кезегінде француздық спортшы финалда американдық Джелин Кауфтан ұтылды. Қола үшін жарыста Юлия жапондық Хинако Томитакодан үздік шықты. Естеріңізге сала кетейік, бір апта бұрын Әлем кубогінің I кезеңінде Финляндиядағы Паклюкада да Галышева 3-орыннан көрінген. Ал Аяулым Аменова 16-орын алған.
Ерлер арасында Майкл Кингсбери (Канада) - бірінші, Оскар Элофссон (Швеция) – екінші, Бенжамин Каве (Франция) үшінші. Ал жерлесіміз Павел Колмаков 14-орын, Дмитрий Рейхерд 16-орын, Александр Геберт 41-орыннан көрінген еді.