Қайрат Нұртас өскемендіктерді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Далада қар қалың жауып тұрса да, Республика алаңында өткен ән кешінде 20 мыңға жуық адам жиналды
Биыл Қазақстан тәуелсіздігінің 27 жылдығын атап өтіп отыр. Ал мерекемен құттықтауға Өскемен қаласына қазақ эстрадасының белгілі өкілі Қайрат Нұртас келді.
Сахнаға қала әкімі Жақсылық Омар шығып, қазақстандықтарды мерекемен құттықтады әрі ауа райының тосын сыйына қарамастан, өнер көрсеткені үшін Қайрат Нұртасқа алғыс білдірді.
Өскемен қаласы әкімдігінің таратқан ақпаратына сәйкес, алаңға 20 мыңға жуық адам жиналып, концерт тамашалаған.
Айта кету керек, мерекелік бағдарлама әлі аяқталған жоқ, 18 желтоқсан күні 18.00-де "Шырша, жарқыра!" мерекелік шарасы өтеді.