Өскемен
Қалың бұлтты
+1°
  • Өскемен
    +1°
  • Семей
  • Алматы
    +8°
  • Риддер
    +2°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -25°
  • Ақтау
    -7°
  • Атырау
    -17°
  • Қарағанды
    -11°
  • Көкшетау
    -27°
  • Қостанай
    -28°
  • Қызылорда
    +1°
  • Павлодар
    -5°
  • Петропавловск
    -31°
  • Тараз
    -1°
  • Түркістан
    +3°
  • Орал
    -24°
  • Шымкент
    -2°
$
493.85
571.78
¥
71.53
6.25
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Спорт Спорт Валерий Чернов
Ақпарат көзі:
Устинка

"Торпедо" сыртта екінші рет жеңіске жетті

Перьмдегі "Молота-Прикамьеге" қарсы ойында жеңіске жетіп, жас қақпашы Максим Сидоров тағы да мақтауға ие болды

"Жібек жолы" кубогіне ЖХЛ-2018/2019 дәстүрлі чемпионаты аясында Перьмдегі "Молота-Прикамье" өз алаңында өскемендік "Торпедоға" есе жіберіп алды. Есеп - 2:3 (0:1, 1:0, 1:2)

Тартысты өткен бәсекеде қонақтар да екі гол салып (Александр Шин, Николай Глухов), алаң иелері де (Георгий Сергеенко, Илья Серегин) оның қарымасын қайтарып үлгерді – 2:2. бірақ матч соңына таман 54-ші минутта Максим Капитуров Андрей Белозеровтың берген шайбасын сәтті пайдаланып, торпедолықтарды алға шығарды – 3:2. Ал молотобойлықтар үш минут бойы алтауы ойнаса да, есепті теңестіре алмады.

Матч статистикасы: соққылар – 44:42, қақпаға соққы – 37:36, шайба тастау - 33:27, айып – 31:6. "Торпедо" ЖХЛ турнирлік кестесінде 14-орынға шықты (32 ойын, 35 ұпай, шайба – 91:80). келесі ойынды өскемендіктер Нефтекамскте (Башқұртстан) "Тороспен" (8-орын) өткізеді.

- Ойынның оңай болмайтынын білдік. Бұған дейін "Сарыарқадан" ұтылған "Молот" аса мұқият әрі арынды болатындығын күттік, - дейді "Торпедоның" бас бапкері Мисхат Фахрутдинов. - Сондықтан біз өз артықшылықтарымызды көрсете отырып, тек алға ұмтылуымыз керек болды. Барлығы біз ойлағандай болмады. Бірақ қақпашы Максим Сидоровтың еңбегі зор. Команданың барлық ойыншыларын жеңісетірмен құттықтағым келеді.


Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Хоккейный клуб "Торпедо" Спортсмены из ВКО