"Торпедо" командасы қытайлық "Ценг Тоу" клубынан жеңілді
Қазақстан клубтарымен ойнаған екі қытайлық команданың бірі "КРС ОЭРДЖИ" клубы өскемендік "Торпедодан" да, қарағандылық "Сарыарқадан" да ойсырай жеңілген болса, екіншісі "Ценг Тоу" командасы екі қазақстандық клубты да қапылыста шаң қаптырып кетті
2018-2019 жылдарға арналған Жоғары Хоккей лига ойындары аясында өскемендік "Торпедо" клубы Қытайдың Цзилинь қаласынан келген "Ценг Тоу" командасын өз алаңында қабылдады. Егер Пекиннен келген "КРС ОЭРДЖИ" клубын өскемендік хоккейшілер 3:8 есебімен оңай жеңсе, Гирин провинциясынан келген жаңа қонақтарға дес көрсете алмады.
Ойын басталғанда-ақ 10-шы минутта алаң иелері есеп ашып, қытайлықтардың біраз көңілін түсіріп тастады. Бірақ ойынның екінші кезеңінде қонақ ойыншылар шираққа қимылға басып, төрт минуттың ішінде екі шайбы тастап үлгерді, есеп 1:2. Біршама уақыттан кейін Аркадия Шестаков "бестіктен" шайба тастап, есепті теңестірді.
Ал ойынның үшінші кезеңінде өскемендіктер өте үлкен қателік жіберді. Өз алаңында бір ғана қорғаушыны тастап, ойыншылардың барлығы алғы шепке шығып кетті. Ойыншылардың ауысып жатқанын байқаған қонақтар шапшаңдыққа басып, бес секунд ішінде қорғаусыз қалған қақпаға гол салып жіберді, есеп 2:4. Торпедолықтар намысқа тырысқанымен ештеңе шығара алмады.