ШҚО мұражайына Шәкәрімнің сүйегі әкелінген чемодан қойылды
Құнды экспонат "Жидебай-Бөрілі" қорық мұражайына қойылды
Аталған мұражайдың директоры Мейрамгүл Қайрамбаевтың айтуынша, Шәкәрімнің ұлы Ахат Құдайбергенов ұлы ақынның құдықта 30 жыл бойы жатқан сүйегін Бақсанадан осы чемоданға салып, Жидебайға әкеп жерлеген.
Бұл чемодан мұражайға 2017 жылы әкеліп табысталған. Ал чемоданның өзі 1961 жылы жасалған. Былтырға дейін чемодан Доленбековатың жанұясының қолында болған.