Өскемендік "Торпедо" самарлық ЦСК клубынан жеңіліп қалды
"Торпедо" командасы Жоғарғы хоккей лигасының турнир кестесінен мүлдем төмен түсіп кетті. Өскемендік команда хоккей лигасы басталғаннан бері үш матч өткізіп, үшеуінде де жеңіліп қалды
Ал 1 қазан күні самарлық ЦСК клубымен кездескен өскемендік команда 3:2 есебімен жеңілді. Ал самарлық клуб Лига басталғалы бері үш ойын өткізіп, үшеуін де жеңген. Бұған дейін екі Қытай командасымен ойнаған ЦСК үшін "Торпедоны" жеңу нағыз жетістік болды.
Ойын басталысымен, алғашқы шайбыны өскемендік команда салғанымен, 5 минуттан кейін алаң қонақтары есепті (1:1) теңестіріп кетті. Ал ойынның екінші кезеңінде алға шығып (2:1), үшінші кезеңде, ойынның 51-ші минутында есепті тағы еселеп үлгерді (3:2).