Қызылорда облысында көше кітапханасы ашылды
Қазалылықтар көше кітапханасы жобасын қолға алды
Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінде «көше кітапханасы» ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.
Қазалылықтар көше кітапханасы жобасын қолға алды. Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Адамды адам еткен - кітап, адамзат еткен - кітапхана» деген даналық сөзін мысалға келтіре отырып, көше кітапханасының жұмысына сәттілік тіледі.
Оның осы шараға әкім ғана емес, оқырман, аудан тұрғыны ретінде қатысып, жанашырлық танытуы, оқырмандармен еркін пікір алысуы, суретке түсіп, қарапайымдылық үрдісін сақтауы да көпшілікке жылы әсер қалдырды.