Ольга Рыпакова елге оралды
Шығысқазақстандықтар Қазақстанның ең титулды спортшысы Ольга Рыпаковамен салтанатты кездесу өткізді
Спортшы ШҚО әкімі Даниал Ахметовке жеңіл атлетиканы дамыту үшін жасаған қолдауына алғыс білдіріп, ШҚО Спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Асқар Можановтан гүл шоқтарын қабыл алды.
- Мен осымен төртінші рет Азия ойындарына қатысып тұрмын. Алғашқы ойын емес, алтынға да алғаш рет қолжеткізіп отырғаным жоқ. Қазақстан құрамасының қоржынына өз үлесімді қосқанымен қуаныштымын. Бұл менің басты мақсатым еді және оған жеткеніме қуаныштымын. Жеңісімді Қазақстанға арнадым, өйткені Конституция күні өнер көрсеткен едім, - деді Ольга Рыпакова.
Спортшы біраз уақыт отбасымен және жақындарымен өткізгеннен кейін, дайындықтарын қайта бастамақ.