Өскемен
пасмурно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +17°
$
445.95
-0.83
482.96
-1.04
¥
61.66
-0.11
4.82
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Тәуелсіздіктің тірегі - Ата Заң

Биыл Ата Заңның қабылданғанына 23 жыл толып отыр. Конституция күнін атап өту қазақ елінің дәстүріне айналған мерекесі. Бұл күні елдің өңір-өңірінде түрлі шаралар ұйымдастырылып, халықтың көңілі көтеріңкі болады. Атаулы мерекені облыс орталығының халқы да жоғары деңгейде атап өтті

Бал жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Өскемендіктер Ата Заңды атап өтудің шымылдығын шерумен ашып, салтанатты шараға "Қазмырыш" ЖШС, "УК ТМК" АҚ, "Қазпошта" АҚ, "Азия Авто" АҚ сынды белді кәсіпорындары мен мекемелері қатысты.

- Алаңға, шамамен, 3 мың­дай адам жиналып отыр. Қала жұртшылығына арнайы симфониялық оркестр өнер көрсетті. Конституция күні - Қазақстанның маңызды мерекелерінің бірі. Конституцияның арқасында Қазақстан халқы тату-тәтті өмір сүруде, - дейді ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

Алаңның бір бөлігіне сахна тігіліп, өнер ұжымдары концерт қойса, екінші бір бөлігінде мерекелік сауда-саттық шатырлары орын тепті.

Облыс шаруалары да қалыс қалмай, өз өнімдерін қалаға әкеліп, жәрмеңке ұйымдастырды. Мұнда ет, сүт, нан өнімдерімен бірге жұрттың қарасын жинаған басты жайт - бал фестивалі болды. Риддер, Глубокое, Катонқарағайдан келген онаурызшылар жаздай жинаған балдарын саудаға қойды.

- Өкінішке орай, биыл балды аз жинадық. Күн райы суық болып, жер-көк аз көктеді. Былтыр өнім жақсы болған еді. Десе де, осыған шүкір. Бір литр балды 1300 теңгеден ғана сатып жатырмыз. Шілде, мамыр мен тамызда жиналған балдар бар. Елуге тарта бал жанұясын асырап отырмын, - дейді риддерлік онаурызшы Виктор Бакумов.

Өскемен қаласында 8 қыркүйек күні үлкен Бал фестивалі өтпек. Елдің өзге өңірлерінде Шығыс Қазақстан облысының бал өнімдеріне деген сұраныс мол. Сол себепті Астана мен Алматыда өтетін Бал фестивальдеріне жергілікті онаурызшылар жиі қатысып қайтады.


Секундтқа жарысқан көліктер

Өскемен қаласында Конституция күнінде ұйымдастырылатын дәстүрге айналған шаралардың бірі - көлік жарысы. Авто­сүйермендер арасында өтетін мұндай шара жылына екі-ақ рет өтеді. Оның бірі Конституция күні өтсе, екіншісі Жеңіс күні өтеді. Биыл Жеңіс күні өткен дрейсинг жарысына 20-дан аса автожүргізуші қатысса, 30 тамыз күнгі жарысқа 32 қатысушы "тағаланған" темір тұлпарларын әкелді. Ертіс жағалауында өткен жарысты тамашалауға келгендердің қарасы көп болды.

- Үлкен шоуды тамашалауға келген жандарға шара барынша қызықты болуы үшін балаларға арнайы алаң құрып, олар ойнасын деп аниматорлар жалдадық. Тамақ ішіп, жүрек жалғайтын орындар жасадық. Жарыс үшін емес, адамдардың көңіл көтеруі үшін ұйымдастырылған шара десек болады. Өскемен көлік жарысын жиі ұйымдастыратын қалалардың бірі. Бұл - бізде дамыған спорт түрі, - дейді ұйымдастырушы Александра Осипова.

Көлігін көңіл қалағанынша сәндеп, қуат күшін арттырған автоиелер 201 метрге жарысты. Жарысушылар бұл қашықтықты 8-11 секунд ішінде жүріп өтті. Өкінішке орай, жаңбыр жауып кеткендіктен, көліктердің көбі жылдамдықтарын көрсете алмады. Жарыстың бас көлігі Субару жарысқа қатыспаса да, ең жылдам уақыт көрсеткен сол болды. Ол 201 метрді 7,6 секундта жүріп өтті.

- Жаздың соңғы жарысы десек болады. Сондықтан көп көлік қатысып отыр. Менің көлігім - жақсы нәтиже көрсеткен көліктердің бірі. Қашықтықты 8,3 секундта жүріп өттім, - дейді Ауди 80 көлігінің жүргізушісі Николай Комаров.

Өкінішке орай, жарыс аяқталмай қалды. Жаңбыр нөсерге айналып, тас жолға су толып қалды. Өзгелердің қауіпсіздігін ойлаған ұйымдастырушылар жарысты тоқтатып, шараны көлік көрмесіне айналдырды.


Бояу фестивалі өтті

Әдетте, ересектер үшін концерттік бағдарлама ұйымдастыратын Достық үйі бұл жолы жастарға көңіл-күй сыйлауға баса назар аударған екен. Балалар үшін ескі раритет көліктер көрмесі өткізіліп, мектеп оқушылары бояу фестиваліне қатысты.

- Жастарымыз Конституция күнін - патриоттық әндер айтылатын ресми шара деп ойлауы мүмкін. Алайда Ата Заңның өзі жастардың келешегі үшін жазылған жоқ па?! Сондықтан бұл мерекені атап өтерде ел өркені жастардың да атсалысып, олардың естерінде қалғаны жөн, - дейді ШҚО Достық үйінің директоры Эльдар Төлеубеков.

Бір-біріне түрлі-түсті бояу атып, ойынның қызығына кіріп кеткен балалар жауған жаңбырды да елеген жоқ. Жаңбыр астында бояу бұрқағын шашқан оқушылар ата-аналарын да ортаға тартып, мәз-мейрам болды.

- Фестивальге балаларын ертіп келген ата-аналар көп. Менің балам да мұнда келуді қалап сұраған соң, алып келдім, - дейді қала тұрғыны Татьяна Анатольевна.

Шара тек жастарға арналғандықтан, сахнаға шығып өнер көрсеткен де кішкентай бүлдіршіндер мен дарынды оқушылар болды.

- Достық үйінің қоластында өнер көрсетіп жүргенімізге екі жыл болды. Би тобында 18 қызымыз бар. Қазақ ансамблі болса да, татар, ұйғыр, өзбек, орыс халқының билерін билейміз, - дейді "Еркетай" хореографиялық ансамблінің жетекшісі Ольга Живоглядова.

Шара барысында "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы аясында алты жанұяға көмек көрсетіліп, кеңсе тауарлары толтырылған рюкзактар тапсырылды.

- Балаларым мұндай сыйлықты бірінші рет алып отыр. Үлкен ұлым мен екі қызыма да рюкзак берілді. Бүлдіршіндерім қуанып жүр. Өзім мектепте жұмыс істеймін, - дейді Ұлан ауданының тұрғыны Лаура Нұрғалиева.

Следующая →