Өскемен
Бұлтты
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Семей
    -7°
  • Алматы
    -1°
  • Риддер
    -6°
  • Астана
    -17°
  • Ақтөбе
    -16°
  • Ақтау
    -1°
  • Атырау
    -7°
  • Қарағанды
    -16°
  • Көкшетау
    -16°
  • Қостанай
    -22°
  • Қызылорда
    -4°
  • Павлодар
    -13°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    -5°
  • Түркістан
    -2°
  • Орал
    -19°
  • Шымкент
    -4°
$
491.88
-2.87
585.83
-0.94
¥
71.18
-0.27
6.36
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Олимпиада-2024: 13-ші жарыс күнінің нәтижесі

ҚР Туризм және спорт министрлігі 8 тамыз күні жарыс жолына шыққан спортшыларымыздың нәтижелерімен бөлісті

Новости спорта / Новости спорта в мире и Казахстане / Олимпиада-2024: 13-ші жарыс күнінің нәтижесі

Әлем көз тіккен байрақты бәсекенің 13-ші жарыс күні қазақ қоржынына жүлде түспеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Қазіргі бессайыс: Қазіргі бессайыстан әйелдер арасындағы семсерлесуден іріктеуде Елена Потапенко семсерлесуден кейін 200 ұпай жинап, 27-сатыға тұрақтады.

Георгий Борода-Дудочкин алғашқы кезең семсерлесуде 170 ұпай жинады. Қазір ол 35-орында тұр.

Байдарка мен каноэде есу: Каноэде 200 метрге ескек есуде Мария Бровкова жарысты аяқтады. Ол ширек финалда өз тобында 4-орын алды.

Каноэде 500 метрге ескек есуден ерлер арасында А және В тобының финалында Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұбы В тобында мәреге үшінші жетті. Олар жұптық сынды жалпы есепте 11-сатыда аяқтады.

Каноэде 200 метрге ескек есуде Мария Бровкова іріктеуде өз тобында мәреге бесінші жетті. Оның уақыт көрсеткіші – 48.43 секунд.

Еркін күрес: Азамат Дәулетбеков (86 кг) алғашқы белдесуінде америкалық Аарон Маркел Бруксқа жол берді.

Мейрамбек Картбай (57 кг) 1/8 айналымында қырғыз палуаны Бекзат Алмаз уулудан жеңіліп қалды.

Құзға өрмелеу: Әмір Маймұратов жартылай финалға жолдама ала алмады. Отандасымыз ширек финалда әлем чемпионы, жазғы Азия ойындарының 2 дүркін жеңімпазы, Азия чемпионы Реза Әлипурға жол берді. Әмірдің уақыт көрсеткіші – 6.14 секунд.

Көркем гимнастика: Елжана Таниева көркем гимнастикадан іріктеуде өнер көрсетіп, финалдық кезеңге шыға алмады. Ол төрт жаттығуда 126.600 ұпай жинап, 13-орынға тұрақтады.
Олимпиаданың он үшінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде бар.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Туризм және спорт министрлігі