Отандасымыз Польшада трамплиннен секіруден алтын жеңіп алды
Данил Васильев алғаш рет FIS Кубогінің жеңімпазы атанды
Польшаның Закопане қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогі өтіп жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Спорт комитеті ақпаратына сүйеніп.
Үлкен трамплиннен секіруде (Large Hill HS 140) отандасымыз Данил Васильев алтын медаль жеңіп алды.
Бұл – FIS кубогінің ересектер арасындадағы отандық шаңғымен тұғырдан секіру тарихындағы алғашқы жеңіс.
Сонымен қатар, осы жарыста бақ сынаған Канвон-2024 қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Илья Мизерн 15-орынға ие болды.
13 елден 78 спортшы қатысып жатқан жарыс бүгін аяқталады.