Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі бірқатар көшелердің тас жолы ауыстырылады

Жақында шаһарда жол жөндеу маусымы басталады

Усть-Каменогорск и ВКО / Усть-Каменогорск / Өскемендегі бірқатар көшелердің тас жолы ауыстырылады
Фото:
pixabay

Жылда сәуір-мамыр айларында негізгі жұмыстарды бастау үшін дайындық шаралары жүргізіледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар биыл қаладағы екінші деңгейлі және аудандық маңызы бар көптеген аудандарда асфальт ауыстыру жоспарланып отырғанын айтты.

Октябрь ауданындағы Новатор көшесі, жөндеуге алынбаған Крылов пен Қайсенов учаскелері. Бұған дейін жөнделген Интернациональная көшесіне кіретін Тимофеев көшесін жаңарту да көзделмек, - деді қала әкімі. - Ал Үлбі ауданындағы Металлургтер көшесін жөндеу жергілікті логистика үшін маңызды.

Сондай-ақ, биыл шағын аудандардағы жолдарға баса назар аударылады. Красина, Шмелев Лог, Северный, Шығыс, Сол жағалау аудандарындағы бірқатар көшеледе жаңа асфальт төселмек.

Жол жұмыстары жүргізілетін көшелердің тізімі:

Металлургтер к.;
Тимофеев көшесіндегі «Комфорт» сауда орталығынан Интернациональная көшесіндегі көпірге дейін. №47 мектепке бағыт;
Новатор к.;
Буров көшесінен Новтор көшесіне дейінгі Қабанбай батыр к.;
Пушкин к. (Красин ауданы);
Декабристер к. (Красина ауданы);
Леваневский к. (Красина ауданы);
Линейная к. (Красина ауданы);
Ногобай к. (Красина ауданы);
Предгорная к. (Красина ауданы);
Шелехов к. (Красина ауданы);
Ползунов к. (Шмелев лог ауданы);
Багратион к. (Шмелев лог ауданы);
Железнодорожная к. (Шмелев лог ауданы);
Первомайская к. (Северный ауылы);
Урожайная к. (Сол жағалау);
Васильев к. (Сол жағалау);
Чехов к.;
Облыстық музей аумағындағы К. Либнехт к. (Чехов көшесінен М. Горький көшесіне дейін);
Самар шоссесі (Байбатчин көшесінен Дружбы Народов көшесіне дейін)
Сәтбаев даңғылы – Көкжал Барақ көшесі қиылысының орташа жөндеу жұмысы.
Сарыарқа к. (Шығыс ауданы).

Следующая →