Қазақстандық хоккейшілер Франция құрамасын жеңді
Мажарстанның Будапешт қаласында хоккейден 20 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионатының IA дивизионы өтіп жатыр
Қазақстанның жастар құрамасы Франция командасын 4:0 есебімен жеңіп, қатарынан үшінші жеңісіне жетті, деп хабарлайды Halyq-uni.kz.
Бұған дейін жастар құрамасы Мажарстанды 5:2, Данияны 3:2 есебімен жеңген еді. Енді осы үш жеңістен кейін Қазақстан командасы IA дивизионында көш бастады. Бұл дивизионда Сергей Старыгин жаттықтыратын жастар құрамасы Австрия, Венгрия, Франция, Жапония мен Дания құрамаларымен ойнап жатыр.
Енді Қазақстан хоккейшілері 14 желтоқсанда Жапониямен кездессе, 17 желтоқсанда Австрияға қарсы айдынға шығады.
Жастар құрамасы әлем чемпионатының бірінші дивизионында алты рет ойнады. Соның төртеуінде жеңімпаз атанып, элиталық дивизионға жолдама алған еді. Ал элиталық дивизионда сегіз рет бақ сынап, 1999 жылы бір рет алтыншы орынды иеленді.
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында әнұранды жатқа айтудан да көпшілікті сүйсінтті. Дания құрамасымен матчтың алдында еліміздің әнұраны ойналмай қалғанда, құраманың ойыншылары жүрек тұсына қолдарын қойып, гимнді жатқа айтып шықты.