Науқас әкетіп бара жатқан жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады
Оқыс оқиға кеше Ақмола облысында орын алған
Жол-көлік оқиғасында төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Астана-Қабанбай батыр" жолының 18-шақырымында "Құрылтай" тұрғын үй кешенінің маңында екі "ГАЗель" соқтығысты. Оқиға 13 желтоқсан күні сағат 03:50-де болған.
Қабанбай батыр көшесіне қарай бара жатқан 28 жастағы жүргізуші қарсы жолаққа шығып кетіп, Астанаға бет алған жедел жәрдем көлігімен соқтығысқан, - деп мәлімдеді Ақмола облыстық полиция департаменті. - 28 жастағы фельдшер, 73 жастағы науқас және екі жүргізуші жарақат алып, Астана полиция департаментіне жеткізілді.
Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы "Жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бойынша тергеуді бастады.
Теги: Ақмола облысы, Жол апаты, Жедел жәрдем көлігі