Шайбалы хоккей: Қазақстан Оңтүстік Кореядан басым түсті
Қазақстандық хоккейшілер Euro Challenge турнирінде екінші жеңісіне қол жеткізді
Юрий Михайлис жаттықтыратын біздің команда Венгрияда өтіп жатқан турнирдің екінші кездесуінде Оңтүстік Корея хоккейшілерінен басым түсті. Бірінші кезеңде Иван Степаненко мен Егор Петухов мергендіктерімен көзге түсті. Ойынның екінші кезеңінде кәріс спортшылары есеп айырмасын қысқарта алғанымен Егор Петухов пен Александр Борисевич таблодағы көрсеткішті 1: 4-ге жеткізді. Дегенмен қарсылас команда үзіліске дейін бір шайба соғып кетті, деп хабарлайды Olympic.kz. Үшінші кезеңде тағы да Егор Петухов нәтижелі соққы жасады, Оңтүстік Корея құрамасы да бір шайба соға алды. Қорытынды есеп 3:5. Қазақстан құрамасынан үш шайба соққан Егор Петухов үздік ойыншы деп танылды.
ОҢТҮСТІК КОРЕЯ - ҚАЗАҚСТАН 3:5 (0:2, 2:2, 1:1)
0:1 - Степаненко (Нургалиев, Королинский) - 14:31 ГБ
0:2 - Петухов (Гурков, Ибрайбеков) - 15:05
1:2 - Ли Дон (Джин Джун, Ким Ки) - 24: 16 ГБ
1:3 - Петухов (Гурков, Гурин) - 25:00
1:4 - Борисевич (Яковлев, Некряч) - 25:18
2:4 - Шин (Сон, Мын) - 30:54
3:4 - Ан Жин (Нам, Ким Сан) - 47:14 ГБ
3:5 - Петухов (Гурин, Гурков) - 54:28 ГБ
Енді Қазақстан командасы 9 қарашада Италия ойыншыларымен кездеседі. Матч Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады.