"Барыс" "Авангардқа" қарсы матчта жеңіліс тапты
Астаналық "Барыс" КХЛ аясында алғашқы үйдегі кездесуін омбылық "Авангардпен" өткізді. Алайда жанкүйерлерінің күткен сенімін ақтай алмады
"Барыс" омбылық "Авангард" (Ресей) командасымен құрлықтық хоккей лигасы шығыс конференциясында плей-офф кезеңінің жартылай финалының алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Есепті алғаш "Авангард" командасы ашты. Ойынның 11-минутында Кирилл Петров шайба соқты. Бұдан кейін Илья Михеев 17-минутта есепті үделетті. Осылайша, ойынның бірінші кезеңінде "Барыс" аталмыш қарсыласынан 0:2 есебімен жеңілді. Екінші кезеңде қазақстандық клуб сапынан Андре Петеррсон есепті ашты. Алайда соңғы минуттарда "Авангард" ойыншысы Сергей Широков бос қалған қақпаға шайба соқты. Осылайша 1:3 есебімен "Барыс" командасы "Авангардтан" жеңілді. Келесі ойын 16 наурызда Астана қаласында өтеді.