Аустрияда Қазақстандық шаңғышы допинг қабылдады деген күдікпен тұтқындалды
Аустрия құқық қорғау органдары шаңғы спортынан әлем чемпионатына қатысушылар арасында антидопингтік рейд жүргізді
Қазақстан, Эстония мен Аустрия спортшылары күдікке ілінді, деп жазды Sputnik Қазақстан сайты.
Аустрия Федералды полиция басқармасы мәлімдегендей, 9 адам ұсталды. Олардың арасында танымал қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин де бар.
Спортшыларға тыйым салынған препарат беруі мүмкін деген күдікке С. Марк есімді дәрігер полицияның назарына іліккен.
Мекеме мәлімдегендей, Зеефельдте ұйымдасқан қылмыстық топтың екі мүшесі мен 5 спортшы тұтқындалды – екеуі Аустриядан, біреуі Қазақстаннан және тағы екеуі Эстониядан.
Сол себепті Алексей Полторанин 15 шақырымдық жарысқа шықпай қалды. Нақты мәліметтер әзірге жоқ.