Қазақстандық шаңғышы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды
Сергей Ткаченко Финляндияның Лахти қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола медальді жеңіп алды
Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, бірінші раунд қорытындысы бойынша 19 жасар қазақстандық спортшы трамплиннен шаңғымен секіру бойынша бірінші орынға тұрақтады. "Ұшу" 96,5 м. Финалда біздің спортшы 94,5 метрге секірді. 248,9 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады. Бірінші орынды 252,1 ұпаймен норвегиялық Томас Маркенг еншіледі. Екінші орынды Германия өкілі Лука Рот алды. Оның 97,5 метрге секіруі финалдағы ең ұзақ көрсеткіш болып табылды.
Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Павел Васильев біздің спортшымыздың "тарихи" жетістіктерін атады:
- Тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатының жасөспірімдер медалі бар. Әрине, біз осы жетістікке өте ризамыз.
Жаттықтырушының айтуынша, жарысқа тағы да Никита Девяткин, Глеб Сафонов, Нұршат Тұрсынжанов есімді сортшыларымыз қатысты.