Юлия Галышева Канададағы Калгариде алтын иеленді
Отандасымызды марапаттау рәсімінде қазақстандық топ түгелдей сахнаға жиналып, ҚР мемлекеттік әнұранын шырқады
Олимпиада-2018 қола медалінің иегері, шығысқазақстандық Юлия Галышева шаңғы фристайлынан Канадада өткен Әлем кубогінде алтын иеленді.
Юлия Галышева суперфиналдық айналымда 79,10 балл жинап, жоғары нәтиже көрсетсек, екінші орында француз Перрин Лаффон - 77,96 балл, үшінші орында американдық - Джейлин Кауф - 76,10 балл.
Ал қазақстандық тағы бір спортшы Аяулым Амренова біліктілігін растай алмады.
Ерлер арасында могулден канадалық Микаэль Кингсбери 84,17 балмен үздік атанды. Ал екінші орында швед Уолтер Уоллберг - 80,98 балл, үшінші орында жапондық Даити Хара - 78,14 балл. Қазақстандық ерлерден суперфиналға ешкім өте алмады.
- Дайындық жоспар бойынша әдеттегідей жүрді. Алайда Олимпиададан кейін дайындық жоспарыма сәл өзгерістер енгізген болатынбыз. Жоғарғы қарғуымды қиындата түстім, енді жоғары балл жинаудан алдыма жан салмаймын. Бұл жеңісті мен ұзақ күттім. Әлем кубогінің алдағы кезеңдерінде де жақсы нәтиже көрсетуге үміттімін. Осы орайда бүкіл командама алғыс айтқым келеді. Өйткені өз командамсыз жеңіске жете алмас едім, - дейді Юлия Галышева.