Қазақстан Азия ойындарында тағы бір алтын алды
Қазақстандық байдарка есішулер 200 метр қашықтыққа арналған жарыста, алтын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат
Ресми мәліметтерге қарағанда, алтынды қазақстандық байдарка есуші Инна Климова жеңіп алды. Оның жарыстағы нәтижесі - 42.045. Инна қытайлық қарсыласынан 0.462 секундқа озып кетті. Қола жүлде жапониялық спортшының еншісінде.
Следующая →
- Мен жеңіске жетемін деген мақсат қойдым. Өйткені, бұл еліміз үшін маңызды дода. Сондықтан, психологиялық тұрғыдан аздап қиындық туды. Барлығы осылай аяқталғанына ризамын. Енді төрт адамдық жарыста барымды саламын. Қолдауларыңызға рахмет! Бұл жеңісімді барша Қазақстан халқына және Денис Теннің рухына арнаймын, - деді Клинова