Қазақстан командасы Азиададан тағы бір алтын еншіледі
Бұл жолы Қазақстан қоржынына алтын салған байдарка мен каноэ ескекшілері болды
Палембангта каное мен байдаркада ескек есуден финалдық кезең басталып, 500 метрге төрт адам болып жарысудан Қазақстан командасы мәре сызығын бірінші болып кесті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бұл сында ел намысын И. Голендов, С. Токарницкий, А. Дергунов, Е. Алексеев қорғаған болатын.
Қазақстандықтардың уақыт көрсеткіші - 1.24.203.
Күміс жүлде Оңтүстік Корея (1.25.313), қола жүлде Иран (1.26.939) құрамасының еншісінде.