Өскемендіктер Конституция күнін атап өтті
Республика алаңында кең көлемді концерт өтіп, жиналған жұрт жәрмеңке аралады
Ал сахнаға облыстың өнер ұжымдары ән айтып, би биледі.
Салтанатты шараға "Қазмырыш" ЖШС, "УК ТМК" АҚ, "Қазпошта" АҚ, "Азия Авто" АҚ сынды белді кәсіпорындары мен мекемелері қатысты.
- Бүгін алаңға, шамамен, 3 мыңдай адам жиналды. Қала жұртшылығына арнайы симфониялық оркестр өнер көрсетті. Конституция күні – Қазақстанның маңызды мерекелерінің бірі. Конституцияның арқасында Қазақстан халқы тату-тәтті өмір сүруде, - дейді ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.
Алаңның бір бөлігіне сахна тігілсе, екінші бір бөлігінде мерекелік сауда-саттық орындары қойылды. Облыс шаруалары өз өнімдерін әкелген жәрмеңке де ұйымдастырылды.