Қазақстандық әскери қызметкер Еуропа кубогінде күміс жүлде алды
Әскердің орталық спорт клубының спортшысы, ефрейтор Ғұсман Қырғызбаев дзюдодан өткен сайыста еліміздің қанжығасына күміс жүлде салды
ҚР Қорғасы министрлігі хабарлағандай, Еуропа Кубогі Саарбрюккен қаласында өтіп жатыр. Жарыстарға 26 елден келген 300-ден астам татами шеберлері қатысып жатыр.
Ғұсман Қырғызбаев 66 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, Франция спортшысын жеңді. Ал жартылай финалда Кевин Аземді жеңіп, финалға өтті. Ал шешуші додада Ғұсман Грузия спортшысына есе жіберіп алды. Осылайша турнирдің күміс жүлдегері атанды.