ӘЧ-2018 жанкүйерлерін бәрінен бұрын туризм қызықтырады
Футболдан әлем чемпионатының мәселелері бойынша Роспотребнадзордың бірыңғай ақпараттық орталығы жанкүйерлердің көбінесе қандай сұрақтар қоятындығын хабарлады
Футболдан әлем чемпионатының сауалдары бойынша Роспотребнадзордың бірыңғай ақпараттық орталығы тұтынушылардың қоңырауларына жауап қайтару үшін тәулік бойы жұмыс істеуде, деп РИА Новости сайты хабарлайды.
Мамандардың айтуынша, туризм бүгінгі күні бірыңғай кеңес беру орталығына жүгінгендердің үлкен қызығушылығын тудырады. Чемпионат жанкүйерлері мен қонақтарының шамамен 25%-ы өздері орналасатын қалалардағы жағдайлар мен экскурсияларға қызығушылық танытады.
Сондай-ақ, көлік қызметтері де танымал сауалдардың қатарынан орын тепкен.
Сонымен қатар, жанкүйерлер қонақ үйлердің, кәдесыйлардың бағасы мен оларды сатып алу жайлы сауалдар жолдауда.
Естеріңізге сала кетсек, футболдан әлем чемпионаты бірінші рет Ресейде өтпек.
Матчтар 11 қаланың 12 стадионында ойналады: Мәскеу, Калининград, Санкт-Петербор, Волгоград, Қазан, Нижний Новгород, Самара, Саранск,Ростов-на-Дону, Сочи және Екатеринбург.