Қазақстанда автокөліктерге деген сұраныс артып келеді
Автокөліктердің сатылымы артып келеді, ал сатылған көліктердің жартысы отандық кәсіпорындардың автомобильдері
Қазақстанның автокөлік жасау өндірісі төрт айдың ішінде былтырғы кезеңмен салыстырғанда 83,1 пайыз көп көлік шығарған. Ал автокөліктердің 91 пайызы Шығыс Қазақстанда шығарылады. Қалғанын Қостанай облысындағы "СарыарқаАвтоПром" кәсіпорны шығарады.
Қазақстан автокәсіп қауымдастының мәліметінше, Қазақстанда шығарылған көліктердің бағасы шетелдікімен салыстырғанда екі есе арзан. Қазақстанда да, шетелде де жасалған бір көлік маркасының өзі әртүрлі бағада: Қазақстандағы жасалған көлік 20 пайызға арзан.