"Астана Арландары" қытайдың "Айдаһарын" жеңді
Бүкіләлемдік бокс сериясында Қазақстанның "Астана Арландары" бокшілері "Чайна Драгонс" командасын жеңді
Кездесу 14 сәуір күні Тараз қаласында өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Барлығы бес жұп кездескен. Бесеуінде де қазақстандық бокшылардың мерейі үстем болған. Рингке алғаш көтерілген 52 келі салмақ категориясы бойынша бақ сынаған Сәкен Бибосынов қытайлық Жан Гуоны 3:0 есебімен жеңді.
Ал 60 келіде өнер көрсеткен дебютант Әлімжан Бескемпір де ең қиындықсыз Юфэн Вуды 3:0 есебінде жеңді.
Ал үшінші болып 69 келі салмақта шыққан Асланбек Шымбергенов те өзін сенімді ұстап, Таксимаймайти Хайшаераны 3:0 есебімен жеңді.
Төртінші болып рингке көтерілген 81 келідегі Бек Нұрмағанбет қытайлық Гегарибу Цзэнаны екінші рауднта нокаутқа жіберді.
Ауыр салмақта өнер көрсеткен Нұрсұлтан Аманжолов та латвиялық легионер Эвандерс Сервутсты 3:0 есебімен басым түсті.
Айта кету керек, Қазақстандық бокшылары бұған дейін аталған командамен Қытайда кездесу өткізіп, бес кездесуді де жеңіспен аяқтаған.