Екі қазақстандық футболшы ЕУРО-2018 чемпионатында үздік бес спортшының қатарына енді
Қазақстан, Ресей, Испания мен Португалия елінің футболшылары үздік спортшылар деп танылды
УЕФА-ның ресми сайты футзалдан өткен Еуропа чемпионатының бес үздік ойыншысын атады, деп хабарлайды Sports.kz. Оның ішінде екеуі қазақстандық спортшылар - Дуглас пен Тайнан. Ал Ресейден қақпашы Георгий Замтарадзе, Испаниядан Адриан Пол мен Португалия спортшысы Рикардиньо да үздік спортшы атанды.
Еуропа-2018 чемпионатында қазақстандық футболшылар төртінші орын алған еді.